Көңілдесінің қызын зорлаған: Маңғыстау облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Маңғыстау облысында 37 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жабық сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Жұртты дүрліктірген оқиға былтыр мамыр айында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат түнгі үште көңілдесіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған. Азғын ешкім жоқтығын пайдаланып қорғансыз қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Сотта қылмысы толық дәлелденіпті.
Сондықтан судья қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін ескере отырып, педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
"Аталған қылмыстық іс ауыр санатқа жататындықтан және қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушы аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған