"Көмекке мұқтаж адам емес". Айнұр Тұрсынбаева Еуропада ем алып жатқан Жүрсін Ерман туралы айтты
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерманның жағдайына қанық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сілтеме жасап.

Айнұр Тұрсынбаева “Жүрсін Ерманның орынын сіздіңше кім басады? Мұрагері бар ма?” деген сұрақты да жауапсыз қалдырмады.
“Қазір айтыста жүрген ардагер ақындардың кез келгені баса алады деп ойлаймын. Аманжол Әлтаев, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Қалиолла сынды, мықты, елге сөзі өтетін ақындардың кез келгенінің қолынан келеді. Көп ақындардың танылуына Жүрсін ағамыздың еңбегі сіңді. Солардың кез келгені айтысты тізгіндей алады деп ойлаймын”, – дейді айтыскер ойын ашық айтып.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды