Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енуі мүмкін
Көлсай көлдері ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен болған кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше Париждегі дипломаттарымыз "Көлсай көлдері" жобасын ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізу туралы өтінім бергенін хабарлағым келеді. Біздің өтінімімізге баға беріледі және менің ойымша, келесі жылдың маусым айында бұл шешіледі", - деді кездесуде Зоология институтының бас директоры, ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасының Қазақстандық Ұлттық комитетінің төрағасы Роман Ященко.
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізімі - бұл ерекше табиғи немесе адам жасаған нысандар. Тізімнің негізгі міндеті - бұл жерлерді ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңыздылығына байланысты сақтау, танымал ету.
Көлсай көлдерін Тянь-Шаньның көгілдір маржаны деп атайды. Барлық үш көл Алматы облысындағы Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігіндегі Көлсай шатқалында, Алматыдан шамамен 300 шақырым жерде орналасқан. Сонымен қатар, Қайыңды көлі де жақын орналасқан.