Коллекторлар қарызын қайтара алмаған қызға “тәніңмен өте” деп хат жазған
Қарызын қайтара алмаған 22 жастағы қызға коллекторлар зорлап кететінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Қорқып қалған қыз полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Life.ru жаазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға Ресейдің Саратов облысында болған. Қыз қарызға батып қалған. Оның қарызын коллекторлар сатып алып, қорқыта бастаған. Қарызын қайтармаса зорлап кететінін айтқан екен.
Микорқаржылық ұйымнан бопаслаған түрлі хаттар келген.
“Сенде жарты сағат уақыт бар. Ақшаны қайтармасаң, тәніңмен өтейсің. Ән айта аласың ба? Біз бес-ақ адамбыз. Қарызыңды қайтара алмаса анаң екеуің тәніңмен төлейсіңдер”, – деп қорқытқан коллекторлар.
Зересі ұшқан қыз полицияға арыз жазған.
Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.
Тағы оқыңыз:
Жанкүйеріне «өліп қал» деген Нұрлан Сабыровтың басы дауға қалды
Ғалымдар семіздікке бейім адамдар тобын анықтады
96 жастағы соғыс ардагері әуе көлігімен ұшып, рекортдтар кітабына енді (видео)
Ирина Дубцова қазақстандық футболшымен көңіл қосты