"Қолын қайырып алып кетуге сәл қалды": Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева жазбасымен жұртты алаңдатып қойды
Отандық танымал әзілкеш, актриса, блогер Мереке Қалбаева күйеуінің істі бола жаздағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/
Өнер иесі оқырмандарына әзіл-шыны аралас жазба арнады.
“Осыдан 6 жыл бұрын Арсен Акиевті өз қамауыма алған едім. Әлі менің үй қамағымда, айналайындар. Тыныш жүрейікші. Жақсы жаңалық көп болсын", – деді жайдарманшы.
Ал желі оқырмандары әзілкештің әзілі орынсыз деп сөкті. Олар Мереке Қалбаеваға түрлі пікір жазып қалдырып, тек жақсы сөйлеуге шақырды. Осы ретте әзілкеш күйеуінің шынымен қамалуға шақ қалғанын айтты.
“Мұндай жағдай барлығының басына түсуі мүмкін. Екі апта бұрын біз де дәл сондай жағдайға тап болдық. Өз есігіміздің алдынан Арсеннің қолын қайырып алып кетуіне сәл қалды. Ондай кезде ең керегі сабыр екеніне көзім жетті. Сондықтан түсініп алайық. Әзілдесек те, өз үстімізден әзілдеп отырмыз", – деп түсіндірді Мереке Қалбаева.
Еске салайық, "Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз демалуды ойлағанбыз" деп Тұрсынбек Қабатов әзілімен көпшілікті күлдірген еді.