Көліктің астына түсіп кете жаздаған: Жасөспірім үш жасар қарындасын құтқарып қалды (видео)
Бразилияның Рондонополис муниципалитетінен келген жасөспірім өз өмірін қатерге тігіп, көліктің астына түсіп кете жаздаған үш жасар сіңлісін құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail хабарлайды.

Үш жасар қыз жолға қарай жүгіріп шыға бергенде екінші жақтан көлік тақап қалған еді. Жасөспірім жолға шығып, көліктің астына түсіп кетейін деп тұрған сіңлісін қолынан тартып жол жиегіне шығарады. Көлік тежегішті басып, әрең тоқтайды. Жасөспірім қолын жарақаттап алған.
"Ол сәтте біз не болғанын түсінбедік. Бірақ видеоны көргенде тізем дірілдеп, көзім жасқа толды. Ол қыздың өмірін сақтап қалды", - дейді дүкен иесі Алекс да Сильва Маркес.
Осылайша оқиғаның куәгері болған дүкен иесі таңғалысын жасыра алмады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан