Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлікте күтіп отырады": Маржан Арапбаева алғаш рет күйеуі туралы айтты

Танымал әнші Маржан Арапбаева алғаш рет күйеуі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, қандай жағдай болса да бірінші жолдасымен ақылдасатын көрінеді. 

“Өнер адамы болғасын, үнемі сапарда жүреміз. Жолдасым үнемі қолдап, гастрольдерге өзі дайындап шығарып салады. “Шақырған жерден қалмауға тырыс” деп айтып отырады. Осы бағдарламаға келерде де сәл кешігіп қала жаздадым. Алайда күйеуім сабырға шақырып, үлгертті. Қазір көлікте күтіп отыр”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі өзінің туған жері Шымкент өңіріне де жиі баратынын айтты.

“Үйде 6 ағайындымыз. Солардың ішінен мен ғана сахнада жүрмін. Қалғандары түрлі мамандық иелері. Бауырларыма көмектесемін. Анам дүниеден озып кетті. Әкем ғана бар. Сол кісіге үнемі баруға тырысамын. Үлкейген сайын бала сияқты болып барады. “Сендерді уайымдаймын” деп жылап қала береді. Көңілін аулауға тырысып, асты-үстіне түсеміз. Анама алғысым шексіз. Бізге риза болып кеткен шығар. Барлық баланы оқытты”, – дейді өнер иесі. 

Талқылау