Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігімен бірге өртеп жіберген: Шымкентте такси жүргізушілерін өлтірген қылмыстық топ сотталды

Шымкентте такси жүргізушілерін тонап, бопсалап және өлтіріп жүрген қылмыстық топ сотталды. Судья олардың екеуін өмір бойына түрмеге тоғытса, тағы екеуі 10 және 11 жылға сотталды. Қаскөйлер негізінен таксистерге есірткі шегіп немесе ішіп алып шабуылдаған.

“Нұридинов пен Кенжебек есірткіден масаң күйде Шымкент қаласы Қазығұрт шағын ауданының шет жағында автокөлігімен ақыға алып барған. Я ... деген азаматты өлтіріп, 60 мың теңгесін алып, мәйітін өртеп жіберген. Ал автокөлігін өртеуге оқталған”, – дейді судья Самидин Темірәлиев.

Төрт сотталушы да бұрын істі болған. 25-38 жас аралығындағы жігіттер арам пиғылын былтыр ойластырып жүзеге асырған. Бір жерге жету үшін такси шақырып, жүргізушілердің ақшасын тартып алып отырған. Ал көнбеген екі азаматты өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген.

Ұсталғандар тергеу кезінде ауыр қылмыстан бөлек, бірнеше азаматты пышақпен қорқытып бопсалап, тонап кеткенін айтты. Сотталғандардың адвокаттары апелляциялық шағым түсіреміз деп жатыр. Ал қылмыстық топтың қолынан қаза тапқандардың туыстары қылмыскерлер жазасын барынша қатаң өтесін деп талап қойып отыр.

“Жазамен келісемін. Өзім ату жазасын қалағанмын. Бірақ Қазақстанда ату жазасы жоқ. Өмір-бақи жазасы беріліп отыр. Бұның бәрімен келісемін. Ағамның артында қызы мен ұлы бар. Барлық қылмыскер жазасын толық өтесін. Апелляциялық сотқа да келіспеймін. Онда Жоғары сотқа жазамын”, – дейді жәбірленуші Ақжігіт Ясинов.

Талқылау