"Көлігімді үйге қойып, жаяу жүруге мәжбүрмін": Шымкенттіктер қалада жанармай тапшылығына шағымдануда
Шымкентте дизель тапшылығы байқалуда. Үш күннен бері жүргізушілер жанармайды тек талондар бойынша құйып жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Шетелден келген жүк көліктерінің жүргізушілері ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ал жеңіл көліктерге мүлдем дизель сатылмайтын көрінеді. Шымкенттіктердің айтуынша, жанармай тапшылығы бірнеше күн бұрын байқалған. Бұған себеп – қаладағы мұнай өндіру зауытының созылып кеткен құрылысы. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталған. Зауыт жұмысы 16 маусымнан қайта басталып, күніне 5,5 мың тонна жағармай өндіруледі.
"Бүкіл қаланы аралап шықтым. Бірақ дизель таппадым. Енді көлігімді үйге қойып, жаяу жүруге мәжбүрмін", – дейді қала тұрғыны.
Сонымен қатар теміржол тасымалымен де қиындықтар байқалуда. Мұнда да жанармай жетіспеушілігі сезіледі. Мамандар өз кезегінде елімізде 200 мың тонна дизель резервте бар екенін жеткізді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды