"Қол көтеруге дейін барамын": Актер Әбілмансұр Серіков қызба мінезді екенін ашық айтты
Белгілі актер Әбілмансұр Серіков Тимур Балымбетовке берген сұхбатында мінезінің шатақ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/serikovmansur
“Өте эмоцияналды адаммын. Тез, қатты ашуланамын, бірақ басыла қоямын. Тұрып-тұрып болмайтын нәрсеге ашуланып кетемін. Бұл біздің қанда бар. Әкемнің Әбуғасыр деген туған інісі бар. Сол кісі ғана басқаларына қарағанда сабырлы, байсалды, көп нәрсені ақылға салып шешеді. Басқалары қызба мінезді, тоқтата алмайсың. Бірақ тез қайтады. Кейде қол көтеруге дейін барамын. Адам артық сөз айтып қойып, мені провакацияға шақырса қолым кетіп қалады, мойындаймын. Тілім ащы, сөзім сүйектен өтіп кетеді. Қатты айтамын, бірақ кейін сол үшін өкінемін. Ашуым басылған соң Алладан, өкпелеткен адамнан барып кешірім сұраймын”, – дейді Әбілмансұр Серіков.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр