Көкшетауда шенеуніктер пара алғаны үшін сотталған адамға жеңілдікпен баспана берген
Көкшетауда шенеуніктер абақтыда пара алғаны үшін жазасын өтеп жатқан адамға жеңілдікпен баспана берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: tgstat.ru
Ақмола облысында бүгінде 23 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Соңғы үш жылда әкімдік 900-ге жуық пәтер берді.
Тергеу барысында прокуратура шенеуніктердің баспананы заңсыз бергенін анықтады. Барлығы осындай 23 жағдай тіркелген.
Мәселен, Көкшетауда түрмеде жазасын өтеп жатқан пара алушы пәтер алды
"Сонымен қатар коммуналдық тұрғын үйді жалға алып, соның кесірінен бюджетке 50 миллион теңге шығын келтірілген. Тіпті олардың табысы тексерілмей, аз қамтылғандар ретінде баспана алған", – деді қадағалау органы.
Заңсыз берілген пәтерлер мемлекетке қайтарылады. Олар мұқтаж адамдарға таратылады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр