Көкшетауда екі аспаз асханада тұрып марихуана сатумен айналысқан
Көкшетауда жұмыс орнында марихуана саудалаған екі аспаз ұсталды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінің асханасында жұмыс істейтін екі жас жігіттің есірткі саудасымен айналысатынын естіген құқық қорғау органдары, бірден оларды іздеуге кіріскен. Жедел операция барысында 15 қараша күні 22 және 23 жастағы екі жігіт жұмыс орнында ұсталған.
Полицейлер олардың бірін асхана ішінде ұстаса, екіншісі дәретханаға жасырынбақшы болыпты. Алайда бәрібір қолға түсіп, олардың марихуана сатқаны айғақталған.
“Қазіргі таңда екі аспаздың әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Қазір екеуі де уақытша тергеу изоляторында. Кінәлары расталса 5-10 жыл көлемінде бас бостандықтарынан айырылады”, – деп хабарлады облыстық ІІД.
Сондай-ақ, суши-бардың қожайыны жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Келешек мамандықтары: жұмыссыз қалмас үшін қандай мамандық таңдау керек?
Құран оқитын қалам: сандық технологиялардың құлшылық атқаруда көмегі қандай
Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)