Көкшетауда 9 жасар қыз үйінде өзіне қол салған
Көкшетауда 9 жасар қыз бөлмесінде өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Darminaopel.ru
26 тамыз күні Көкшетауда көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 3-сынып оқушысы үйде асылып қалған. Ол қазанда 10 жасқа толар еді.
Баланың денесін әкесі бөлмеден тауып, ауруханаға апарған. Десе де, оны құтқарып қала алмады. Кішкентай қызды мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Сондай-ақ қыз ешқандай емханаға тіркелмеген.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.
"Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жарияланбайды", – делінген ведомство хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көліктің ішінде тірідей өртеніп кеткені айтылды.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген