Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетау тұрғыны көп қабатты ғимараттың ауласында би кешін ұйымдастырды

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Көкшетау тұрғындары жаппай би кешін ұйымдастырды. Биік ғимараттың ауласына жүздеген адам жиналды. Полиция бұл мерекені ұйымдастырған әйелді жазалауға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қаланың дәл орталығындағы көп пәтерлі үйлердің ауласында жарық болған кезде адамдар билей бастады, би кеші түнге таман аяқталды. Би алаңында олар 80-ші жылдардағы хит әндерге биледі, шығыс билері мен баяу композициялар туралы да ұмытқан жоқ. Ал шоу мемлекеттік әнұранды салтанатты орындаумен аяқталды. Бір қызығы, шулы компанияны ешкім тоқтата алмады. Ұлттық дискотеканы ұйымдастырушының жазасы адамдар үйлеріне кеткеннен кейін белгілі болды.

"Көкшетау қаласының тұрғыны өз пәтерінен әуеннің дауысын қатты қылып қосып, былайша айтқанда, адамдардың жиналуын ұйымдастырды. Кейін бұл іс-шараны ұйымдастырушы әйел, 437 бап "Тыныштықты бұзу" және 476 бап "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Әсем Абдрахманова, Ақмола облысы бойынша ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Талқылау