Көкшетау станциясында бес Пәкістан азаматы ұсталды
Көкшетау вокзалында көші-қон заңнаманы бұзғаны үшін Пәкістанның бес азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
21, 36, 39, 41 және 42 жастағы шетелдіктер халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктердің біріне 15 АЕК яғни 55 380 теңге айыппұл салынды. Қалғандарының материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға бес жыл мерзімге Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда