"Қоқысқа тастай салуға сәл-ақ қалған": Әйел өз үйінен 2,7 миллион доллар тұратын асыл тас тауып алған
Англия азаматшасы үйін тазалап жүріп, бір фунт сақа көлеміндей жылтырап тұрған дөңгелек тасты тауып алған. Зергерге апарып көрсетсе, әлгі тас 2,7 миллион доллар тұратын гауһартас болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме беріп.
Әйел тауып алған затын жай әшекей шығар деп қоқысқа лақтырып тастамақ болған, алайда көршісінің кеңесімен оны зергерге апарып көрсетуді ұйғарған.
“Бізге бір қап әшекейі бар әйел келді, ол қалада жұмыстарымен жүріп, жол-жөнекей бізге соғып кірген екен”, – дейді Featonby's Auctioneers аукцион үйінің қызметкері Марк Лейн сол күнді еске алып.
“Бұл қандай ырым”: Сәби жатқан бесікпен атқа шапқан әженің әрекеті елді шошытты (видео)
“Бір фунттан үлкен болатын тас еді. Бастапқыда бұл фианит, синтетикалық алмаздың баламасы шығар деп ойладым. Үстелімде бірнеше күн тұрды, содан соң мен аспаптарыммен гауһартасты тексермек болдым. Кейін біз оны Лондондағы серіктестерімізге жібердік, ол жақта сарапшылар тастың 34 каратты бриллиант екенін анықтады”, – дейді ол.
Гауһартасты каратпен өлшеу тастың көлеміне байланысты. Неғұрлым ауыр болған сайын бриллианттар құны да өсе түседі.
Аукционшы Марк Лейн асыл тас бағаланғаннан кейін қатты таңғалғанын айтады. Оның айтуынша, бұл – оның қолында болған ең қымбат гауһар.
Марк Лейн
"Түсі, мөлдірлігі, өлшемі, салмағы 34 карат болатын гауһартасты табу басқа сыймайтын нәрсе", – дейді ол.
Маманның сөзіне қарағанда, әйел бұл гауһартастың өзінде қалай пайда болғанын білмейді.
“Ол сауда орындарына көп барып, шопинг жасайды екен. Бұл тастың гауһартас екені үш ұйықтаса да түсіне кірмеген”, – дейді Марк Лейн.
Қымбат тасты Лондонда 30 қарашада аукционға қояды.