Әкесі қызын құтқару үшін кемеден суға секірген: Алайда ер адамның үстінен іс қозғалды

Фото: DailyMail
АҚШ-та Disney Dream круиздік кемесінен бес жасар қыз құлап кетті. Қыздың әкесі артынан секірді. Енді ата-анасы баланы қарамады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкесі мен қызын құтқару қайығы алып шықты.
14 палубалы алып лайнер Дисней мультфильмдерінің стилінде безендірілген. Ал басты ерекшелігі – кеме Диснейге тиесілі Багамдық Каставей Кей жеке аралына тоқтайды. Ол жерде алып ойын-сауық саябағы бар.
Лайнер Багам аралдарынан Флоридаға бет алған. Таңғы сағат 11-де жолаушылар дабыл сигналын естіген. Кішкентай қыз 15 метр биіктіктен суға құлап кеткен.
Жолаушылар әкесі қызын палубаның қоршауына фотоға түсіру үшін отырғызғанын айтты. Сондай-ақ ата-анасы шаффлборд ойнап, қызды қарамай қалды деп те айтты.
Америкалық детективтер оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Ал әзірге күдікті ештеңе айтылмады. Дегенмен көбі қыздың ата-анасы жауапқа тартылуы керек деп санайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген