Қызылордада жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілінді
Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала адам өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны да кәмелет жасына толмаған бала екені анықталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайлары анықталуда.
Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тбозбала ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу» бойынша талаптарына сəйкес жариялауға болмайды екен.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған