Қызылордада науқас белгісіз жағдайда аурухана балконынан құлап мерт болды
Қызылордада көпсалалы облыстық аурухананың 61 жастағы науқасы төртінші қабаттың балконынан белгісіз жағдайда құлап, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Кызылординские вести" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Иллюстративті сурет ашық дереккөзден
Басылым мәліметінше оқиға 6 тамызда орын алған. Науқас белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.
Қызылорда қалалық полиция департаменті әйелдің өлімін растады. Полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды