Қызылордада 7 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Қызылорда қаласында жеті жасар ер бала бесінші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға бүгін, 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.
"Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Оның арасында біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті