Қызылорда облысының тұрғыны 1383 теңге қарызына байланысты банкроттыққа өтініш берген
Соттан тыс банкроттыққа өтініш бергендердің ішінде ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңге. Ал ең көп қарыз 282 784 016 теңге деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Tazalau.qoldau.kz сайтының мәліметінше, ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.
Сонымен қатар ең көп қарыз сомасы - 282 784 016 теңге. Бұл ақпартты банкроттық туралы арыз берген Алматы облысының тұрғыны көрсеткен. Сондай-ақ, 208 миллион, 106 миллион, 73 миллион теңге және одан да төмен қарыздар кездеседі. Бұл ретте, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе 5 520 000 теңге болады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар