Қызылорда облысында малшы төрт күннен бері табылмай жатыр
Қызылорда облысы Арал ауданында 20 жастағы малшы төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 шілде күні облыстық төтенше жағдайлар қызметіне Арал ауданындағы "Айдарлы" фазендасынан 2003 жылғы азаматтың белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөніндегі хабарлама түсті.
"Аталған шақырту бойынша №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 10 қызметкер КУНГ автокөлігімен жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары сол күнгі сағат 20:30-ға дейін жүргізіліп, ол нәтиже берген жоқ. Бүгін, 25 шілде іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. Өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер КУНГ автокөлігімен "Шижаға" елді мекеніне жақын орналасқан "Қайнар" және "Айдарлы" малшы ауылдарына іздестіру жұмыстарына жүргізді. Әзірге нәтиже жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасады", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі