Қызылорда облысында тұрғынның карантинді бұзғандарды видеоға түсіремін деп басы дауға қалған
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ортақшыл ауылы әкімдігінің алдында карантин тәртібін елемей, жайма базар ұйымдастартырғандарды дәл осы бейнежазбаға түсірген тұрғынның басы дауға қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Видеоға түсіруші әйелдің карантин кезіндегі заң бұзушылықты телефонына жазып алғанына әкімдік қызметкер қарсы болып, екі адамның арасында жанжал шыққан. Іс насырға шауып әкімдік қызметкер тұрғынды ар-намысыма тиетін сөздер айтты деп сотқа арызданған.
Бірақ бір қызығы жәбірлендім деген азаматша да, куәгерлер де сотта тұрғынның не деп балағаттағанын естеріне түсіре алмай қойған.
"Мемлекеттік қызметкермін ғой, менің ар-намысыма тиетін сөздер айтты: түрлі сөздер кетті, қазір нақты қандай екенін есіме түсіре алмаймын. "Қатын" деген сөздер бар", - дейді Ортақшыл ауылы әкімдігінің маманы Перизат Мусалимова.
Куәгерлердің бірнешеуі сотта жағымсыз сөздер айтылғанын айтты, алайда нақты қандай екенін еске түсіре алмады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр