Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында мектеп директорлары 50-ден астам мұғалімді конкурссыз қабылдаған

Қызылорда облысы прокуратурасы қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істегенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстық прокуратураның дерегінше, өңірдегі мектептерде жүргізілген тексерудің нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағаны, мұғалімдердің конкурссыз жұмысқа қабылданғаны және ыстық тамақпен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегені анықталды.

Прокурора өкілі Нұрболат Дүйсенбаев қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істегенін және бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталғандығын жеткізді.



"Одан бөлек мектеп директорлары қызметкерді лаборант, ассистент етіп алып, мұғалім орны босағанда конкурс жарияламай 50-ден астам мұғалімді қабылдаған. Жалағаш ауданында және облыс орталығындағы мектептердің ғимараттарына бөтен адамдардың кіріп-шығу жағдайына эксперимент жасалып, нәтижесінде ғимаратқа еш кедергісіз қару-жарақ және басқа да тыйым салынған құралдармен еркін кіріп-шығуға болатынын көрсетті", – деді облыс прокурорының орынбасары.

 

Талқылау