Қызылорда облысында ер адам кене шаққаннан көз жұмды
2023 жылы Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының 13 жағдайы тіркеліп, оның біреуі клиникалық және зертханалық түрде расталған. 18 сәуірде осы аурудан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kyzylorda-news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қызылорда конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Инфекцияның тасымалдаушылары – иксодид кенелері.
Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр зардаптарға әкелетін жұқпалы ауру. Инфекцияның көзі және тасымалдаушысы – иксодид кене. Ауру сәуірден қазанға дейін кененің көбеюіне байланысты ушығады. Көбіне ауылшаруашылық қызметкерлері осы ауруды жиі жұқтырады", – делінген хабарламада.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:
- Далада жұмыс істегенде, мал баққанда, кене шағып алмас үшін жеңі ұзын жабық киім киіп, шалбарды шұлықтың ішіне тығып, резеңке қолғап киіп, дененің ашық жерлерін толығымен жабу керек;
- Кене шаққан жағдайда оны қолмен алып тастамаңыз, қысқышпен абайлап алыңыз. Шаққан жерді йодтың 5% спирт тұнбаларымен немесе 70% спиртпен өңдеп, дереу жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласу керек.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда әже апельсин тіліміне тұншығып, өліп қала жаздағаны айтылды.
Талқылау

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бұл қаржыға 5 мың камера орнату жоспарланған

"11 шай қасық қант диабетке әкеледі": Танымал Maxi чай, Coca Cola, Fuse Tea сусындар құрамына маман талдау жасады
Маманның айтуынша, ең зиян сусын – газдалған сусындар