Қызылорда облысында бір жасар бала арықтағы суға батып кетті
Қызылорда облысында бір жастағы бала арықтағы суға құлап көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында орын алды.
"Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Облыста жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны - ересек азаматтар.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді