Қызылорда облысында алабай баланы талап тастай жаздады (видео)
Қызылорда облысында алабай иттің көшеде кетіп бара жатқан баланы талап тастай жаздаған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышқа орай, маңайда жүрген ересектер итті қуалап, баланы құтқарып қалған. Шошып қалған баланың денесінде ит тырнағының іздері қалған.
Оқиға 28 мамыр күні Қызылжарма ауылында болған. Видеода көрініп тұрғандай, шошып кеткен бала басын қолымен жауып жерде жатыр. Оның үстінде алабай тұр. Ересектер итті қорқытуға бар күш-жігерін салып, ақыры қуып жіберді. Артынша ит таяқпен ұрған адамның қасынан жүгіріп өтіп, арғы жағында тұрған үйдің есігіне кіріп кетті. Оның ішінен атып шыққан бала көшеге жүгірді.
Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бұл жағдайға қатысты түсінік бермеді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарма басшысы мен оның орынбасары түске дейін және түстен кейін жиында болған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі