AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысынада түйелер қауіпті ауру жұқтыруда

Қызылорда облысы Арал ауданы мал қожалықтарының жағдайы күрделеніп барады. Соңғы уақытта түйе малынан белгісіз дерт анықталып, жануар табанының түсіп қалу жағдайлары байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түйе

Өркешті жануардың ауруы аудандағы Жақсықылыш кенті, Аққұм және Қарақұм ауылдарында тіркелген. Дертке шалдыққан малдың жалпы саны 24-ке жетіп отыр. Ветеринар мамандар арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, түйелердің "Некробактериоз" кеселін жұқтырғанын анықтап отыр. Қазіргі күні аурудың жаппай тарап кетпеуінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл ауру жануарлар арасында болатын аса қауіпті аурулардың тізбесіне жатпайды. Дегенмен де, жұқпалы болып табылады. Бактериялар жарақат болған жануарларда тарайды. Көбінесе ауырған түйелердің табанын зақымдалып, мазольді қабатын бұзып түсіреді. Аталмыш  кеселмен жануарлардың барлық түрлері ауыратынын айта кеткен жөн. Бұл кесел, әсіресе қажетті жем-шөп қорегінің болмауынан, қыстан арық, көтерем болып шыққан малдарда көптеп кездеседі. Сондай-ақ лайлы-шалшық жерлерде, көктемде қора-жайларға механикалық антисанитарлық жұмыстардың жүргізілмеуінен пайда болады", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағамбетов.

Бүгінгі күні ветеринар дәрігерлер ауырған түйелерді емдеу үшін түрлі антибиотиктерді егілудн. Оның ішінде "Бициллин-3", "АСД фракция-3" ерітіндісі, "Ашокси", "Нитокс-200"  ветеринариялық препараттары бар. Қажетті дәріні мал иелері өз қаражаттарына алып жатыр.
Қазірде ауырған түйе малдарының жағдайы қалыпты. 24 бас түйенің 14 сауыққан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр