Қызылорда облысы орталығында қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді - Нұрлыбек Нәлібаев
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы туралы мәлім етті.

"Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты", – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның 1-уі халықаралық, 7-уі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен