Қызылорда маңында адам сүйектері табылды
Қызылорда маңында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
“Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – делінген полиция хабарламасында.
Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.
Қазақстандық ер адам әлеуметтік желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Жұбайы аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысындағы ауруханада екі әйелдің жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған: Тексеріс заңбұзушылықтарды анықтады
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген