"Қызғанышына қарайтын уақыт жоқ". Дариға Бадықова күйеуі туралы айтты
“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған Дариға Бадықова не себепті күйеуінің көпшілік алдына жиі шықпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/dariga_badykova
Оқырманның: “Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?” деген сауалына актриса: “Шынымды айтсам, күйеуім әдемі жігіт. Көз тиеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Жыртыңдап сала бергім келмейді. Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір”, – деп жауап берді.
“Күйеуіңіз қызғанбай ма?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады. Дариға ондай дүниемен бас ауыртпайтын көрінеді.
“Жоға, қызғанышына қарап отыратын уақыт жоқ”, – деп қысқа қайырды.

"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды