Қызға қол көтерген: Дәулет Тұрлыханов тағы бір ұлына қатысты дауға пікір білдірді
Әлеуметтік желіде жігіт пен қыздың арасындағы жанжалға байланысты видео тарады. Видео авторы бұл оқиға Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына қатысты екенін айтады. Осы орайда тілшілер оқиғаға қатысты депутаттың пікірін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан кадр
"Жастар өздері шешеді. Бір-бірін жақсы көретін болар", – деді Дәулет Тұрлыханов мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда депутат осы оқиға жайында естімегенін және ұлымен сөйлесетінін айтты.
"Олар – ер жеткен балалар. Сондықтан өздерінің мәселесін шешеді деп санаймын. Бұл деректі сіздерден естіп отырмын және мен үшін жағымсыз жаңалық болып тұр", – деді Дәулет Тұрлыханов.
Бұған дейін желіде жігіт пен қыздың арасындағы жанжалға қатысты видео жарияланған болатын.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды?
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда