Ер адам қызды өлтіріп, денесін өз пәтерінің балконына бөшкеге салып кеткен
Ресейде 23 жастағы қызды өлтіріп, оның денесін бөшкеге салып, өзінің пәтерінің балконына қойып кеткен. Күдікке бірге тұрған жігіті ілінуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі МК басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
23 жастағы Великий Новгород тұрғынының анасы қызының қоңырауларға жауап бермей, жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары оның пәтерін тінткен кезде көргендері тіпті тәжірибелі тергеушілерді де шошытты.
Бойжеткен тұрған пәтерде полицейлер балконнан темір бөшке тауып алған. Оның ішінде целлофанға оралған дене болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай, марқұм бұл пәтерде 23 жастағы жас жігітпен бірге тұрған. Қазір ол кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Алайда полицейлер жігітті әлі таппай отыр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған