Қызды көлік жүргізуге үйретпек болған: Семейде екі адам отырған Toyota Ертіс өзеніне түсіп кетті
Семейде ішінде екі адам бар көлік Ертіс өзеніне құлады. Бір адам көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай 21 желтоқсанда болған. Toyota көлігінің ішінде екі адам отырған. Ер адам көліктен шыға алды, ал қыз ішінде қалып қойды.
"20 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге мәліметтер жария етілмейді”, – деп жазады Noks басылымы полицияға сілтеме жасап.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, жігіт қызды көлік жүргізуге үйретпек болған. Автомобиль марқұммен бірге өзеннен шығарылды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан