Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақырылушылардың суицидке бейімділігін тексереді

Мәжіліс кулуарында әскердегі суицид тақырыбы көтерілді. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылушының цифрлы кескіні жүйесі жасақталып жатқанын айтып берді. Тұяқовтың пікірінше, бұл жұмысты әр аймақта әкімдіктер атқаруы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Балалармен ерте жастан бастап жұмыс істеу, оларды тану қажет. Балалар да, ата-аналар да әртүрлі болады. Жұмыстың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдармен байланысты. Біздің аумағымыз үлкен, көшіп-қону да көп. Оны үнемі бақылап отыру мүмкін емес", - деді Тұяқов. 

Оның айтуынша, қорғаныс министрлігі әскерге енді шақырылатын азаматтардың суицидке бейімділігін тексереді. 

"Қазір біз шақырылушының цифрлы кескінін әзірлеп жатырмыз. Ол жерде шақырылушының қандай спортпен айналысатыны, қай бағытта жұмыс істейтіні жазылады. Сондай-ақ, суицидке бейімділігіне баға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мұны ерте сатыда анықтап, қарулы күштерге хабар беруі керек. Сол кезде бізде суицид пен балалардың әскерге дайындықсыз келуі туралы сұрақ болмайды", - деді министрдің орынбасары. 



 

Талқылау