Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы жасөспірім өзін бірнеше ай зорлап келген мұғалімін сотқа берді

Канадада оқушыны азғырып, зорлады деп айыпталған мұғалім сот алдында жауап берді.

27 жастағы Ребекка Линн Маккаббин 16 желтоқсанда кәмелетке толмаған баланы зорлады және жыныстық тұрғыда азғындады деген айыппен қамауға алынды. Оқиға  Альберта штатындағы Медисин-Хат қаласында болған. Жынысы жарияланбаған жасөспірім полицияға өз бетінше хабарласып, 2021 жылдың қаңтарынан бері мұғалім тарапынан бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық көргенін айтқан.

Маккаббин жұмыс істеген Eagle Butte High School орта мектебінің әкімшілігі оның қылмыс белгілі болған бойда жұмыстан босатылғанын айтты. Мектеп өкілдері тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Қазіргі уақытта Маккаббин қамаудан босатылды, бірақ оған 18 жасқа толмаған адамдармен араласуға және кәмелетке толмағандар жиналатын жерлерде болуға тыйым салынады. Келесі сот отырысы 2022 жылдың 27 қаңтарына белгіленді.


Мұғалімі өзіне "сен" деп сөйлеген оқушысын шапалақпен ұрып жіберген

Талқылау