Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыздар жылап жатыр": Гүлзира Айдарбекова неге келінін елге көрсетуге қарсы болғанын айтты

Гүлзира Айдарбекова неге келінін елге көрсетуге қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұрт Қайрат Нұртасты 10 жыл бойы келіншегіңді жұрттан жасырып келдің деп айыптаған. Өнерін өміріне араластырғысы келмеген әнші бұл анасының идеясы болғанын жеткізген еді. Гүлзира Айдарбекова неге келінін жасырғаны туралы айтып берді. Продюсердің басты мақсаты ұлының тыңдармандарын жоғалтып алмау болған көрінеді.

"Қай әншіні алатын болсақ, үйленді дегеннен бастап, қатты қызық емес болып қалады. Негізі бәрін көтеретін қыздар. Менде әртүрлі ой болды. Олардың отбасына кірбің келмесін, ауызбіршілігі болмай қалмасын дедім. Оны көтеру өте қиын. Барлық жағын қарастырып отырмасам, 4 немере сүймеген болатын ба едім. Мен "Тәтті сезім" деп концертін қойдым. Артынан екеуі үйленгендегі бейнебаянын шығарып, концертті аяқтаған болатынмын. Концерттен шыққаннан кейін "Ойбу ана жақта қыздар жылап, мүмкін емес деп жатыр" деп құдағиым айтып келді", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Тіпті алғашқы рет көрсеткенде қыздар әншіден көңілі қалып, ренжіген көрінеді. Соны көрген Гүлзира Айдарбекова бірден келініне талап қойып, уақыт беруін өтінген. Продюсер отбасыларының ортасына түскенін қаламадым деп ағынан жарылды.


"Екі аяғымызды бір етікке тығады": Гүлзира Айдарбекова күйеуі екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты >>>

"Жұрттың бәрі оның әндері өзіне арналды деп тыңдайды. Осы сезімдерін бұзбай-ақ қояйын дедім. Артынша Жұлдызға айтып түсіндірдім. Қайрат олармен бір кесе шай да ішпейді, бірге отырмайды да, сенікі. Сендер енді ғана үйлендіңдер. Көз тиеді, сөз тиеді. Сені Қайраттың әйелі емес, Жұлдыздың өзі ретінде танытсам, біраз уақыт бер дедім. Өзіңнің отбасыңа қарап, ұл-қызыңды тәрбиелеп, аналық міндетіңді орындап, күйеуіңнің жағдайын жаса дедім. Бірақ өзім қатты ыңғайсыздандым", - дейді продюсер.

Талқылау