Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызбалыққа салынып кеттім": Бибісара Асаубаева кешірім сұрады

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Жансая Әбдімәлікке қатысты жазбасы үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кеше мен айтқан бір эпизод жағдайды өршітіп жіберді. Енді бәріміз не істейтінімізді білмей жатырмыз. Кеше қатты ашуланып кеткен шығармын. Сол үшін көптеген хейтке де тап болдым. Әлбетте, ақылға салып, салқынқандылық танытудың орнына эмоцияға берілген кезде оның өз әсері болады. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс. Шахматшы алдағы бірнеше қадамын ойланып жүруі керек. Бірінші кезекте бұл өмірде де маңызы зор. Ондағы қатенің бағасы шахмат тақтасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Егер мен қателессем, мойындауға дайынмын", – деді Бибісара Асаубаева.

Шахматшы Нью-Делиде болып жатқан келеңсіздіктер енді ешқашан еш жерде қайталанбау керек екенін айтты. 

"Қасиетті Рамазан айында таза ниет ғана болуы қажет. Егер біреуді қорлаған болсам, кешірім сұраймын. Біреудің ар-намысына тиемін деген ойым болған жоқ", –  деп жазды блиц-шахматтан екі дүркін әлем чемпионы.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынаған болатын. 

Талқылау