Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай шекарасында кедендік бекеттің жетекшілері парамен ұсталды

Қытаймен шекарада "Нұр Жолы" кедендік бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап. 

"28 ақпан күні Алматы облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірігіп Қытай шекарасында "Нұр Жолы" кедендік постының бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетін әшкереледі", – деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

50 мың доллар көлемінде пара беру фактісі құжаттандырылғаны хабарланды. Параны қылмысты ұйымдастырушылар бақылаушы органга тексеріс нәтижесін оңды шешіп беруі үшін берген. 



Аталған факті бойынша "Нұр Жолы" кедендік постының жетекшісі мен оның орынбасары ұсталды. Сол сияқты уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі ұсталды. Ол тексерушілерге ірі көлемдегі контрабандалық тауарларды жасырғаны үшін 30 мың доллар көлемінде пара берген. 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды. 
 

Талқылау