Қытайға метеоритке ұқсас отты шар құлады (видео)
Қытайдың сейсмологиялық орталығы Цинхай провинциясында метеоритке ұқсас нысанның құлағанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін таңертең Цинхай провинциясының Юшу уезінде метеорит құлады деп болжануда. Цинхай провинциясының сейсмологиялық орталығы жергілікті уақыт бойынша 7.25-те (Астана уақытымен 5.25) құлап келе жатқан денені анытаған", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа толық ақпараттар келтірілмеген.
Метеорит таң ертеңгі уақытта құлаған соң, Юйшу қаласының тұрғындары көре алған. Олар таңертең болған таңғажайып құбылысты видеоға түсіріп, желіге жүктеп үлгерген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Кенхи университетінің (Корея республикасы) профессоры Евгений Зубко Қытайда метеоритке ұқсас құлаған нысанның радиусы 1 метрге дейін және салмағы 10 тоннаға жуық болуы мүмкін екенін айтты.
"Атмосфераға кірген кезде метеорит 3-4 мың градусқа дейін қызады, көрінетін диапазонда жарқыл пайда болады. Оны көзбен көруге болады. Бұл нысанның радиусы шамамен 1 метр, яғни массасы 10 тоннадан асады. Бұл өте үлкен нысан. Мұндай мөлшердегі метеориттер сирек кездеседі, радиусы 1 сантиметр болатын миллиардқа жуық метеориттің бір жағдайы", - деді Зубко.
Сондай-ақ, тұрғындар метеорит жарқылының шамамен 30 секунд бойы байқалғанын атап өтті.
"Нысан жерге құлаған кезде соққы нүктесінде жарылыс болуы керек еді. Үлкен массаға байланысты жойқын соққы болуы керек. Бұл дегеніміз артиллериялық снарядтың массасынан жүздеген есе көп", - деп қосты ғалым.