Нұр-Сұлтанда Scat ұшағының апатты жағдайда қонған сәті видеоға түсіп қалды (видео)
20 тамыз күні сағат 16:58 шамасында Scat әуе компаниясының Қытайдың Сания қаласынан Нұр-Сұлтанға бағыт алған VSV464 нөмірлі рейсі шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Сания әуежайы диспетчерлік қызметінің алдын ала болжамы бойынша, ұшып-қону жолағында резеңке жатқан. Осы белгісіз затты басып өтуге байланысты ұшақтың артқы дөңгелектеріне зақым келген.
«Scat әуе компаниясы кеменің жерге сәтті қонуы үшін Нұр-Сұлтан әуежайымен байланыс орнатып, тиісті шаралар қолданылды. Ұшақ жерге сәтті қонды. Ішінде 7 экипаж мүшесі, 234 жолаушы болған еді», - делінген хабарламада.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиация оқиғаларын тергеу басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды