Қытай қазақстандықтарға арнап 86 білім грантын бөлді
Қытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін бакалавр, магистратура, докторантура бағдарламасы және тағылымдамадан өту бойынша 86 білім грантын бөлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Талаптар:
- ҚР азаматтығы;
- Бакалавр бағдарламасына тапсыратындарға - орта мектепті бітіру туралы аттестат, жас мөлшері - 25-ке дейін, тіл білу деңгейі HSK3-тен кем болмауы керек;
- Магистратураға тапсырушылар - бакалавр дипломы, жас мөлшері - 35-ке дейін;
- Докторантураға тапсырушылар - магистр дипломы, жас мөлшері - 40-қа дейін;
- Магистратура мен докторантураға тапсырушылар қытай тілін таңдаса, тіл деңгейі HSK 4-тен төмен емес сертификаты болуы керек.
Грант нені қамтиды:
- тегін оқу;
- ай сайынғы шәкіртақы, бакалавр - 350 доллар, магистратура - 420 доллар, докторантура - 490 доллар;
- медициналық сақтандыру;
- жатақханада орналастыру (немесе айына 90-140 доллар ақысы төленетін арендалық баспана).
Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 10-қаңтарына дейін жалғасады.