Қырғызстанда жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды
Қырғызстанда 15 шілдеде жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kabar.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғызстандық портал мәліметінше, қазақстандық қыз Қырғызстандағы Алакөл жайлауындағы Қаракөл өзенінен табылған. Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықталыпты.
Айта кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалған көрінеді. Туристердің барлығы бір отбасының мүшелері болған.
Марқұмның әкесінің сөзінше, 29 жастағы бойжеткен Қаракөл өзенінің маңында топтан бөлініп, артынша жоғалып кеткен.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер