Қырғызстанда сел болған жерден тағы бір баланың денесі табылды
Қырғызстанның Ош облысы Ноокат ауданы Әбшір-Ата ауылында іздестіру-құтқару кезінде тағы бір баланың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kaktus.media
Мәйіт ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазір марқұм баланың аты-жөні мен туған жылы анықталып жатыр.
Осылайша Ноокат ауданында селден қаза тапқандар саны тоғызға жетті. Олардың арасында 2016, 2013, 2012, 2008, 2005 жылғы балалар мен екі әйел бар.
30 маусымда іздеу жұмыстарына қосымша 11 құтқарушы тартылды. Барлығы Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінен 53 құтқарушы жұмылдырылды. Сондай-ақ жұмысқа ішкі істер министрлігінің 120 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 50 қызметкері және 150 жергілікті тұрғын кірісті. Оқиға орнына барлығы 373 адам және қызметтік иттер жұмылдырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда алапат сел жүріп, сегіз адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Ішінде екі қазақстандық бала бар.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі