Қырғызстанда білім министрі парамен ұсталды
Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара талап етті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Экс-министрдің қылмыс жасағаны нақтыланды. Бейшеналиев 28 қыркүйек күні Бішкек қаласында ұсталды.
“Аса ірі көлемде - 110 мың доллар (52,5 миллион теңгеден астам) пара алу фактісі тергелуде. Ол шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау үшін ақша талап еткен. Тергеу нәтижелері бойынша толық ақпарат беріледі", - деп мәлімдеді Қырғызстан ішкі істер министрлігі.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі