Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда балмұздақ тиелген фургон оқушыларды қағып кетті: Зардап шеккендер саны артты

Қырғызстанда балмұздақ тиелген фургонның балаларды қағып кеткен қайғылы оқиғасынан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Зардап шеккендер саны 32 адамға дейін көбейді. Олардың ішінде тек біреуі мұғалім, қалғаны – оқушылар.

Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Жүргізуші Hyundai Porter көлігін балалар мерекеге дайындалып жатқан жерге тоқтатқан. Іс-шара кезінде ол балаларға балмұздақ таратуы керек еді. Қойылым кезінде көлік төменге сырғып, көпшіліктің арасына қарай жүріп кетті. Жүргізуші көліктің артынан жүгірді, десе де тоқтата алмады. Апат болып, киіз үйге соқтығысқан соң көлік тоқтады.

Порталдың хабарлауынша, оқиға орнына ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда балмұздақ тиелген фургон 29 оқушыны қағып кеткені айтылды. 

Талқылау