"Азия Mix" КВН командасының бұрынғы мүшесі ұсталды
Қырғызстанда "Спекулянт" дүкеніне қатысты іс бойынша "Азия MIX" КВН командасының мүшесі Марат Жұманалиев ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Жұманалиев 48 сағатқа қамауға алынған. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) уақытша ұстау изоляторында отыр.
Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті алаяқтық жасаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған. Күдіктілер ақылы түрде "Спекулянт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ресей азаматы Василий Щербинаға қылмыстық істерін жабуға көмектескен.
Құзырлы органның мәліметінше, коммерциялық компания басшылары мемлекеттік қызметкерлермен алдын ала сөз байласып, Қырғызстан аумағына жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін әкелу үшін тұрақты сыбайлас жемқорлық байланысын ұйымдастырған. Василий Щербина мен Шахноза Якубжановаға іздеу жарияланды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды