Қырғыз музыканты Рузахуновтың ішкі істер министрлігіне қарсы шағымы: Сот шешім шығарды
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың ҚР ішкі істер министрлігіне қарсы арызы бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бостандыққа шыққаннан кейін Рузахунов қысым көргенін және соққыға жығылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соның салдарынан ол ауыр дене жарақатын алған.
2023 жылдың 20 наурызында музыкант Астана қаласының Алматы аудандық сотына ҚР ІІМ-нің видеода таратылған ақпаратты шындыққа жанаспайды деп тану, ақпаратты теріске шығару туралы талап арызбен жүгінген.
Арызда ішкі істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Рузахуновтың 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезіндегі митингілерді жоспарлағаны және қатысқаны туралы негізсіз айыпталғаны көрсетілген.
Алайда Астана соты талапкердің видео "Қазақстан" телеарнасында ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен көрсетілді деген уәжін растамады.
"Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен В.М. Рузахуновқа талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", –делінген Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?