Қыран Талапбектің екінші әйелі күйеуіне қандай жағдайда тоқал алуға рұқсат ететінін айтты
Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында күйеуіне тоқал алуға рұқсат ететінін айтты. Алада блогердің бір ғана шарты бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/gulzada_tl
Гүлзада Тұрлаш күйеуінің жомарт ер азамат екенін айтып мақтанды.
“Менің гардеробымдағы барлық заттарды Қыран алып берды. Күйеуім қолы ашық азамат. Сондай-ақ ол аяқ киім жақсы көреді. Әр іс-сапарында маған аяқ киім алып келеді”, – дейді ол.
Бейбіттің “Мынадан кейін қыздардың бәрі Қыранға екінші әйел болғысы келетін шығар. Сен содан қорықпайсың ба?” деген сауалына Гүлзада: “Мен бұл туралы Қыранның өзіне де айтқанмын, егер маған жеке ұшақ пен әлемнің мен қалаған қалаларынан вилла алып берсе тоқал алуға рұқсат беремін. Қалаған дүниеме қол жеткізіп, армандарым таусылғанда “тоқал ал” деп айтамын”, – деп жауап берді.
Қыран Талапбек тоқал алу үшін әйеліне қымбат сыйлықтар сыйлайтынын айтып, әзілдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"