Kinopark.kz кинотеатрлар желісі шектеуге қарамастан жұмыс істейтіндігін айтты
Kinopark.kz кинотеатрлар желісі үкімет тарапынан коронавирусқа қатысты уақытша шектеуге қарамастан өз жұмыстарын жалғастыратыны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кинотеатр өкілдері Instagram парақшасында жазды.
"Біз жергілікті атқарушы билік өкілдерінің пікірін алу үшін сұратылым жібердік. Бірақ әлі жауап келмеді. Біздің кинотеатрлар штаттық кесте бойынша жұмыс істейді. Бұл мәселе денсаулық сақтау және әлеуметтік жағынан қарастырылатын тақырып", - делінген хабарламада.
Бұған қоса олар кинотеатрлардағы сақтық шараларын күшейтетіндігі жайлы қосты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтататыны туралы сөз болып еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті